Евгений Яковенко – Петропавл қаласы бойынша салық басқармасы басшысының орынбасары.
-Семинардың басты мақсаты – халыққа ақпарат жеткізу. Біз бүгін мемлекеттік қызметтерді көрсету, мүлікті жария ету, шағын және орта бизнес субъектілеріне салық салу реті сынды маңызды тақырыптарды талқыламақпыз.
Салықшылар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын да үнемі жетілдіруде. Бүгінде олардың жұмысына байланысты 32 стандарт бекітілген. Ол жайлы мәлімет салық басқармасының қабырғасында ілулі тұр. Қазір уақытта қажет ақпаратты мында келмей-ақ, телефон арқылы да білуге болады.
Қалима Бекішева – Петропавл қаласы бойынша салық басқармасының бөлім басшысы.
-Астанада бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. 14 14 телефон нөміріне тегін хабарласып, салық заңнамасы бойынша, көлік және мүлік салығына қатысты түрлі сауалдарға жауап алуға болады.
Жиынға келгендер мұндай кездесулердің маңызы зор дейді.
Магжан Ахмадина.