Әр түрлі

Терек Петропавлда автомобильқа деген жығылды

Тұрғындардың айтуынша оқыс жағдайға ауа райы жағдайы себеп болды. 40 жылдық терек кеше ғана қатты желге шыдас бермей, майысып кеткен екен. Алайда, темір тұлпар иесі сақтық шараларына бей-жайлық танытып, көлігін жасыл желектің жанында қалдырған. Нәтижесінде автокөліктің артқы бөлігі бүлініп, терезесі шытынаған. Шанақтың тіреуіштері де майсып, споллер мен амортизаторы істен шыққан. Енді қала тұрғынына жөндеу жұмыстарына біраз шығындануға тура келеді.

Вера Лежкова – “Мира 223” ПИК төрайымы.

-Ең әуелі ол сықырлады, сосын жарылып құлады. Бұл құлаған бірінші ағаш емес. Әкімдікке де шағымдандық. Келіп бірнеше жасыл өскінді кесті. Қалғанын қазір кесеміз деді де келген жоқ. Машинадан бұрын мұнда балалар да жүреді ғой.

 

Сагыныш Маркашева.