Денсаулық сақтау

Петропавлда елатомдық құрылғылардың кезекті көрмесі өтті

Бәтима Сайдалинова, “Еламед-KZ” ЖШС өкілі.

-Бұл аппараттардың ішінде тұрғындар “Алмаг-01” жабдығын жиі сұрайды. Аталған құрылығы ағзаға төмен жиіліктегі магниттік өріс арқылы әсер етеді. Сондықтан, медициналық жабдықты шорбуын, хондроз, варикоз тірек-қимыл және жүрек қантамырлары жүйесі, невралгия, асқазан-ішек жолдары ауруларын, тамырдың кеңеюі сияқты қауіпті дерттердің алдын-алу үшін пайдалануға болады.

Бұл қондырғының жетілдірілген үлгісі – “Алмаг-2”. Оның түрлі сырқатқа ем болар 79 бағдарламасы бар. Магниттік өрісі әлдеқайда терең болғандықтан, аталған аппарат денеге бірнеше есе артық әсер етеді.

Бәтима Сайдалинова, “Еламед-KZ” ЖШС өкілі.

-Елатом зауыты ұсынған тағы бір құрылғы – “Мавит”. Оны созылмалы простатитті емдеуде қолдануға болады. “Мавит” әсіресе, жыныстық мүшеге суық тиген кезде, простатит, 1,2-ші дәрежелі қуық түбі безінің ұлғаюы дерттерін емдеуде таптырмайтын құрал. Оның көмегіне негізінен ер адамдар жүгінеді.

Көптеген дерттерді үй жағдайында емдеп, алдын алу үшін қолданылатын енді бір медициналық жабдық – “Унилор-01” деп аталады. Бұл осыған дейінгі “Фея” құрылғысының жетілдірілген үлгісі. “Унилор-01” құрылғысы зауыттың соңғы өнімдерінің бірі саналады. Оны құлақ, тыныс алу жүйелерін, аллергиялық ренит, танзелит, фаленгит сияқты ауруларды емдеуде пайдалануға болады.
Стимэл-01 де жақында пайда болған аппарат. Ол ағзаға төмен жиіліктегі магниттік өріс арқылы әсер етеді.

Бәтима Сайдалинова, “Еламед-KZ” ЖШС өкілі.

-Бұл құрал адамның тыныс алу жүйелері, тірек-қимыл жүйесі аурулары, артроз, артрит, жүрек-қантамыр жүйесі сырқаттарына шалдыққанда қолданылады. Ал, “Диамаг” аппараттының көмегімен бас сақинасы ұстамасын магниттік өріс арқылы емдеуге болады. Бірақ оны балаларға қолдануға тыйым салынған. Стационар жағдайында жарамдылық мерзімі 5 жыл, ал үй жағдайында одан да ұзақ уақыт қолдана беруге болады.

Физиотерапевтік аппараттар “Қазақстан Конституциясы, 2” мекенжайындағы “Сердечная” дәріханасынан зауыт бағасымен сатылуда. Қажет ақпаратты 46-35-12 телефон нөмірі арқылы білуге болады.

 

 

Бану Ахметова.