Андрей Глывяк – гір көтеру спорты бойынша СҚО бас бапкері.
-Гір көтеру спортымен шұғылданғанда, әрине, ең алдымен күшің өсіп, төзімділік қасиет жетіледі. Спортшының ағзасына салмақ түсіп, бұлшықет әрдайым өсіп отырады.
“Тәні саудың – жаны сау дегендей”, жастар әрқашан спортпен айналысуы қажет дейді бас бапкер. Салауатты өмір салтын насихаттаған облыстық жастар мәслихаты өкілдерінің кездесуді ұйымдастырудағы мақсаты – спортта толағай табыстарға жеткен Андрейді Глывякты өскелең ұрпаққа үлгі ету. Жиын барысында оқушылар спортшыға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оның әңгімелерін зор ықыласпен тыңдады.
Андрей Глывяк кездесуге республикалық сайыстарда жүлделі орындарды еншілеп жүрген тәрбиешілерін де ертіп келіпті. Михаил Косинов пен Владимир Третьяков оқушыларға гірді дұрыс көтерудің әдіс-тәсілдерін көрсеті.
Гір көтеру спортынан Еуропа чемпионатының жүлдегері Андрей Глывяк бүгінде М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-і мен “Қарасай” стадионында еңбек етеді. Кездесу соңында ол жеткіншектерді спортқа ден қойып, гір көтерумен тегін айналысу жеткіншектерді өз тобына шақырды.
Сагыныш Маркашева.