Қоғам

Қалалық әкімдік жанынан мүлікті жария ету бойынша құжаттарды қабылдау кабинеті ашылды

Галина Пивоваренко, қала тұрғыны.

-Бұрындары біз мүлікті заңдастыру үшін бірнеше мекемеге барып, мамандарды үйімізге шақыртатынбыз. Енді бұл орталықтың пайда болуымен менің жұмысым жеңілдеді әрі барлық құжаттарды бір жерде рәсімдей аламын. Оған уақыт та көп жұмсалмайды.

Бүгінде аталған орталықтағы мамандардың кеіңесіне 100-ден астам теріскейлік азамат жүгініп, тек 1-еуі ғана мүлікті жария ету бойынша өтініш жазған. Айта кету керек, бұл жерде тұрғындарға кеңес тегін беріледі.

Зәуре Нұрмұқанова, Мүлікті жария ету, өткізу жөніндегі комиссия төрайымы, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары .

-Жеке тұлғалар мүліктерін заңдастыру үшін біздің орталыққа техникалық паспортын, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, мүлікті жария етудің техникалық шешімін, жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін мемлекеттік акті тапсырулары қажет.

Ел бойынша жүріп жатқан маңызды науқанның жергілікті жерде өту барысын 19 адамнан тұратын арнайы комиссия бақылайды. Оның құрамында салықшы мамандар, ІІБ-ның өкілдері мен қалалық мәслихат депутаттары бар.

Зәуре Нұрмұқанова, мүлікті жария ету, өткізу жөніндегі комиссия төрайымы, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары.

-Мүлікті жария етудің арқасында біріншіден, ел қазынасына қосымша қаражат түседі әрі көлеңкелі экономикаға жол берілмейді. Гараж немесе үйдің қасындағы басқа да жылжымайтын мүлікті заңдастыру барысында бүгінге дейін салық төлемей келгені үшін тұлғалар әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Маңызды науқан ел бойынша 2015 жылдың 1-ші желтоқсанына дейін жалғасады.


 

Берик Касен.