Денсаулық сақтау

Облыстық ауруханаға көз ауруын анықтауға арналған жаңа құрылғы жеткізілді

Наталья Аношина, Облыстық аурухананың ординатор-дәрігері.

-Аппарат республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға сатып алынды. Бұл медициналық құрылғы арқылы ауруды анықтауға болады. Бұған дейін көздің алмашығын терең зерттеу мүмкін емес еді. Әрбір түсірілген сурет копьютердің жадында сақталады.

Адам айналасындағы ақпараттың 80 пайызын көзі арқылы қабылдайтынын ескерсек, оның өмірде қаншалықты қажет екенін ұғынамыз.

Дариға Әбішева облыстық аурухананың офтальмологиялық бөлімшесінде емделуде. Біраз күн бұрын оның көзі нашарлап, сырқаттың себебін білу үшін бірнеше емхананға барғандығын айтады. Бірақ, ешкім де дұрыс диагноз қоя алмаған екен. Сол себепті, осы жердегі мамандардың көмегіне жүгініп отыр.

Дариға Әбішева, емделуші.

-Бұл аппараттың көмегімен маған макулопатия диагнозын қойды. Қазір емделіп жатырмын. Дәрігерлер жақсы қарайды.

Жыл басынан бөлімшедегі көз дәрігерлері 1 мың 100 адамға медициналық көмек көрсеткен. Ақ халаттылардың айтуынша, осында емделгендердің арасында катаракта, суқараңғылық, қант диабеті кезінде көз тор қабығының ауруы және көз торының орталық бөлігі қызметінің бұзылуы жиі кездескен.

 

 

Бану Ахметова.