Балалар

Жастар бизнес саласының мамандарымен пікір алысты

Асқар Қабікенов, СҚО Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кеңесшісі

– Бүгінде 18 бен 29 жас аралығындағы ел тұрғындары кәсіпкерлікті оқыту курстарынан мемлекет қаражаты есебінен тегін өтеді. Бастапқыда оларға бизнес-жоспарын құруға көрсетеміз. Кейін олар өз ісін әрі қарай өрбіту, қаржыны тиімді пайдалану тетіктерін үйренеді.

Бүгінде жастар қоғамдық шараларға белсенді араласып, елдің ертеңіне елеулі үлес қосқылары келеді. Сондықтан олар алдағы уақытта өз кәсіптерін дөңгелету үшін осы бастан білімдерін жетілдіріп, кәсіпкерлікке байланысты түрлі бизнес-тренингтерге қатысып жүр.

Иван Поляков, “Жас Отан” ЖҚ мүшесі

– Мен осы жиынға бизнес өкілдері келетінін естіп, әдейі қатысып отырмын. Бүгін олардан қандай жобаларға қаражат бөлінгендігін сұрап білгім келеді.

Сондай-ақ “Еркін пікір” пікір-сайыс клубының отырысында жастар арасында жиі туындайтын мәселелер талқыланды.

 

Берик Касен.