Аптадағы маңызды жаңалықтар

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өңірге келді

Сондай-ақ, облыс әкімі Ерік Сұтанов Ұлт көшбасшысын өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінің даму көрсеткіштерімен таныстырды. Биыл теріскейде ауыл шаруашылығы дақылдары 4,3 млн гектарға егілсе, соның 3,3 млн гектары дәнді дақылдарға тиесілі.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі

– Гектарынан 15,3 центнерден өнім алынады деп күтілуде. Астықты сақтайтын қойма және элеваторлар дайын. Жылына өңіріміз 458 мың тонна сүт өндіреді. 49 мыңды өзіміз тұтынамыз. Ал өндіретініміз 10 есе артық. Қайта өндіру ісі де жақсы жүргізіледі. Экспортқа шығарылады.

Өңір жетекшісі аталмыш салаға бөлінетін субсидия көлемінің жыл сайын артып келетінін атап өтті. Ағымдағы жылы бұл сома 17 млрд. теңгені құраған. Инвестициялар көлемі де өсуде. Жыл басынан ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 24 млрд. теңгеге жуық қаржы құйылған. Бұдан кейін Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев егін алқабының басында өңір аграрийлерімен кездесті. Қазақстанның Еңбек Ері Геннадий Зенченко Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа мал және өсімдік шаруашылығы саласын дамыту бағытындағы мемлекеттік қолдау үшін алғысын білдірді.

Геннадий Зенченко – Қазақстанның Еңбек Ері

– Біздің егістік аймағымыз үлкен. Сүт өндірумен айналысатын кешеніміз бар. Жаңа зауыт тұрғыздық.

Осы жерде “Зенченко и К” командиттік серіктестігінің бас директоры Елбасыға серіктестіктің танап басында 20 жыл бұрын түсірілген фотосуретті табыс етті. Осы тұста облыстың құрметті азаматы – Құдайберген Қалиев, еңбек ардагері- Әрмия Әбілқайыров және «Бабық Бұрлық» ЖШС директоры Сейілбек Махметов те сөз сөйледі. Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев солтүстікқазақстандық агроөнеркәсіп кешенінің өкілдеріне ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын арттырып, жиналған өнімді сату және қайта өңдеу мәселесімен белсенді айналысуды тапсырды. Мемлекет басшысы бұл үшін елімізде барлық жағдайлардың жасалып жатқанын атап өтті. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың құрамына кірді. Сондай-ақ, қарашаның 2-сінен Парсы шығанағына Иран арқылы өтетін күре жол ашылмақ.

Нұрсұлтан Назарбаев- ҚР Президенті

– Что я хочу сказать очень серьезную поддержку оказали всему аграрному комплексу Казахстана в том числе вашей области. В разы по всем направлениям. В целинном земледелии мы достигли хороших успехов. Мастерство у людей поднялось, посмотрите чисты поля приятно смотреть, новые технологии внедряете. Надо всем думать как поднять урожайность полей. Второй вопрос – переработка. Границы открытые, какой рынок у Вас. Надо начинать продавать мясо.

Бұған қоса, Президент жиналғандарға ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін қарқынды әрі сапалы жұмыс істеу қажеттігін тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев- ҚР Президенті

– Деревня и город должны подтянуться различий не должно быть. В деревне лучше жить работа круглый год в животноводстве.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев өңір басшысы Ерік Сұлтановтың жұмысына оң бағасын берді.

Нұрсұлтан Назарбаев- ҚР Президенті

– Наконец-то у вас хороший аким. Работайте со всеми нормально.

Өз кезегінде өңір шаруалары осындай мемелекет қолдауының арқасында Ұлт көшбасшысы жүктеген міндеттер толыққанды жүзеге асырылады деп сендірді.

Сейілбек Махметов- «Бабық Бұрлық» ЖШС директоры

– Біз Елбасының ауыл шаруашылығы саласында тапсырған міндеттерін орындап жатырмыз. Қазір егін жинауды бастадық. Өнім берекелігі гектарынан 20 центнерден айналуда. Президент майлы дақылдарды егу қажеттігін айтқан болатын. Біз ол тапсырманы да орындадық. Бүгіндері мемлекет тарапынан жақсы қолдау көрсетілуде.

Қанат Ерболов- «Кутузовка- Алиби» ЖШС бас директоры, Айыртау ауданы

 

– Минералды тыңайтқыштар, гербецидтер және тұқымды аларда барлығы субсидияланады. Толық мөлшерде алынады.

Кездесу соңында өңір аграрийлері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен естелік суретке түсті.

Магжан Ахмадина.