Kurultai banner mobile

Құқық қорғау органдары

Өңірде өз еркімен қару тапсыру науқаны жалғасуда

 

Солтүстікқазақстандықтар осы уақыт аралығында өз еркімен 546 дана қару мен 7 мыңнан астам оқ-дәрі тапсырған. Полицейлердің айтуынша, маңызды іс-шараға Петропавл қаласы мен Айыртау, Жамбыл және Тайынша аудандарының тұрғындары белсенді қатысуда. Науқан барысында жалпы құны 15 миллион теңгенің суық қарулары сатып алыныпты. Еске сала кетейік, қаруын өз еркімен тапсырған азамат әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Облыстық ІІД-і баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған шара әлі де жалғассын таппақ.