Ауыл шаруашылығы

Солтүстік Қазақстан облысында комбаин шығару іс қолға алынбақ

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі

– Біз осы СҚО жаңа зауыт ашуды жоспарлап отырмыз. Ол кәсіпорын ауыл шаруашылығы және коммуналдық машина шығарады деп ойлаймыз. Осында келіп жаңа технологияны бізге аударуға, бізбен жұмыс істеуге келгеніңізге қуаныштымыз.

Атылмыш зауыттың 49 пайызына «Самұрық қазына инвест» ұлттық компаниясына иелік етсе, қалған 51 пайыз акциялары финдықтардың меншігіне өтпек. Жобаның тиімділігі жайлы екі жақ компимания өкілдері айтып өтті.

Яли Прхти- «Sampo Rosenlew LTD» компаниясының президенті, Финляндия

– Үлкен дайындық жұмыстары атқарылды. Енді жуық арада іске кірісеміз. Біздің мақсатымыз бір – ол Петропавлда сапалы еуропалық комбайндар шығару. Бұл алдағы әріптестікті дамытуға жол ашады деген ойдамын.

Жалпы жоба құны- 1 млрд. 900 млн. теңгені құрап отыр. Зауытта жылына 200-ге жуық техника шығаруды көзделген. Бағдарлама жүзеге асса 128 жаңа жұмыс орны ашылады. Қазір серіктестік құрылып, шағын литражды қозғалтқыштар зауыты ғимаратын сатып алу жөнінде келісімдер жүргізілуде.

Қайрат Найзабеков- «Самұрық қазына инвест» ЖШС бас директоры

– Біздің зауыт осы серіктестік аумығанда орналасатын болады. Финдықтар технологияны үйретеді. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы сату механизмдері де қатар қарастырылып жатыр. Қыркүйек айының соңына дейін ғимаратты алу жұмыстары аяқталады деп жоспарлап отырмыз. Жыл соңына дейін барлық қалыпқа келтіру, жөндау жұмыстары тындырылады. Құрылғылар алынады.
Жиын соңында екі жақ өзара сыйлықтарымен алмасты.

Магжан Ахмадина.