Спорт

Шағын футболдан жасөспірімдер арасындағы сайыс аяқталды

Ольга Остафейчук – “Қызыл-Жар” ОБЖСМ оқу-спорттық бөлімі жөніндегі директордың орынбасары

– Бас қаламыз – Астананың туған күні мен Қазақстан Республикасының ата заңы күні мерекелеріне орай ұйымдастырылған спартакиада өз мәресіне жетті. 20 футбол командасының ішінде мықты құрамалар белгілі болды. Жасөспірімдер арасындағы футбол ойындары жыл сайын ұйымдастырылады. Болашақта осы балалардың арасынан еліміздегі ересек құрамаларда ойын көрсететін мықты аяқдоп шеберлері таңдап алынады.

Бұл жолы жасөспірімдер арасындағы шағын футбол ойындарында “Жеңіс” футбол командасы жоғары ұпайға қол жеткізіп, жүлдегер атанды. Құрама ойыншылары өткен жылы да намысты қолдан бермей, жүлделі орынға ие болған екен.

Кирилл Чухан – “Жеңіс” құрамасының шабуылшысы

– Қатысушылардың барлығы да марапатқа лайық. Қарсылас командалардың ойыншыларымен бұрыннан таныспыз. Әр кездесуде тактикалық әдістерді бірлесіп орындадық. Сондықтан да шығар, осындай жеңіске жетіп отырғанымыз.

Ал “Локомотив” құрамасының футболшылары бұл тартысты кездесулерде сәл шеберлік жетпеді деп отыр. Дегенмен көрсеткіштері жаман емес. Олар 30 ұпаймен екінші орынды қанжығаларына байлады.

Даниил Мельниченко – “Локомотив” ФК ойыншысы

– Мүмкіндігінше жақсы ойын көрсетуге тырыстық. Бірінші орын алмағанымызға еш өкінбейміз. Келер жылғы жарысқа мықтап дайындалатын боламыз.

Марапаттау рәсімінде футболшылардан бөлек, шағын футбол ойындарына қолдау білдірген демеушілерге де мақтау қағаздары табыс етілді.

 

Бакыт Садуакасов.