Қоғам

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандандырылған бөлімшелері оқиға орнына 3 минуттың ішінде жетеді. Өрт сөндірушілер келген уақытта нысанның шатыры жанып жатқан. Қызыл жалынды ауыздықтауға облыс орталығындағы өрт сөндіру бөлімшелерінің барлық құрамы мен Оңтүстік-Орал темір жолының Петропавл станциясына қарасты командасы да жұмылдырылған. Барлығы қызыл жалынмен күресуге 16 өрт сөндіру көлігі мен жеке құрамның 78 маманы ат салысты. Сондай-ақ тілсіз жауды сейілту үшін қосымша “Қызылжар су” жауапкершілігі шектеулі серктестігінің 4 бірлік техникасы да тартылды. Өрт нысандағы 390 шаршы аумақты шарпыған. Құтқарушылар апатты 21 сағат 47 минутта толықтай ауыздықтап болды. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің неден шыққаны анықталу үстінде.