Көлік және жолдар

М.Жұмабаев көшесіндегі тасжол салтанатты түрде ашылды

Төлеген Закариянов – Петропавл қаласының әкімі

– Жалпы, облыс орталығындағы жолдарды жөндеуге ағымдағы жылы 780 млн. теңге бөлінді. Өңір жетекшісі Ерік Сұлтановтың ықпал етуімен қалада биыл біраз жолдар жөнделді, әлі де жөнделуде.

Тас жолдың таспасы салтанатты түрде қиылды. Жол ашылғаннан кейін үстімен алғашқы көліктер де жүріп өтті. Бұдан кейін “Су-808” ЖШС-нің қызметкерлерді тас жолға жолақтарды салуға кірісіп кетті. Олардың айтуынша, бұл жұмыс көп уақытты алмайды. Жаңа жолдың ұзындығы – 585, ал ені 14 метрді құрайды. Бұрын бұл жерде 18 тұрғын үй болған. Баспана иелерінің келісімімен олардан участокты сатып алу үшін және тұрғындардың көшуіне көмектесу үшін қалалық бюджеттен 162 млн теңге, ал жолдың өзін салуға 112 млн. теңге жұмсалған.

Анатолий Юркин – “Су-808” ЖШС директорының өндіріс жөніндегі орынбасары

–  Жаңа жолды салуда қала бойынша алғаш рет геотоқыма технологиясын қолдандық. Ол көшенің ортасына қарай төселеді. Ал, асфальтты бетон қабаттарының арасына биотор орнатылады. Осы тың технологияның арқасында тас жол ұзақ жылға шыдас береді.

Сондай-ақ, жоба бойынша екі жақтан жаяу жүргіншілерге арналған жол төселіп, суағарлар мен қуатты үнемдейтін шамдар орнатылмақ.

Риат Шони.