Ел Конституциясы жастар арасында талқыланды

Қоғам

16:02 29 Тамыз 2014

Данияр Әбутәліп, СҚО Жастар бастамалары орталығының директоры

– Қазақстан жастары Ата заңымыздың барын біліп қана қоймай, оның мазмұнына терең үңіліп, конституцияда жазылған әр тармақты жете түсіне білуі қажет. Өйткені, олар ел болашағы. “Қазақстан жол -2050” стратегиясын да жүзеге асыратын осылар. Сондықтан біз қазірден бастап Ата заңымызды негізге ала отырып, оларға іштегі тәртіп пен мызғымас достығымызды осы сынды шаралар арқылы ұғындыруға тырысамыз.

Конституция – еліміздің құқықтық тірегі, ұлтаралық татулық кепілі. Ата Заңда әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар делінген. Яғни, кез келгеннің адамның таңдау еркіне шектеу қойылмайды.

Вера Абраменко, Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының бөлім жетекшісі

– Біздің Конституциямыздың өзіндегі бірінші жол: “Біз Қазақстан халқы…” деп басталады. Бұл текке айтылған сөз емес, өйткені біздің Қазақстанда 100-ден астам ұлт пен ұлыс тұрады. Және олардың барлығы өз мәдениеті мен салт-дәстүрін дамытуға еркіндік алды. Біз осы ауызбіршілігімізбен өзге елдер алдында мақтана алатын жағдайға жеттік. Біз қазір дүние жүзі елдерімен бейбітшілік пен келісімде өмір сүреміз. Мұның бәрі ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың арқасында.

Жиын барысында қоғамдық жұмыстарға қызу араласып жүрген белсенді жастар Қазақстан Конституциясының маңызы жайлы өз баяндамаларын оқыды. Отырыстың соңында жастардың құқықтық сауаттылығын бағалау мақсатында сауалнама жүргізілді. Сұрақтарға дұрыс жауап бергендерге журналдар мен кітаптар тарту етілді.

Берик Касен.

Бұдан әрі оқыңыз

Зейнетақы мен жәрдемақы үйге жеткізіледі
Өңірде жылыту маусымы қашан аяқталады
Петропавлда іскер әйелдер бас қосты
Отбасы құндылықтары
Жыл басынан бері 16 парақорлық фактісі тіркелген
Маскалар тегін таратылуда
Үйде отыру қажет
Жүк тасымалына қатысты өзгерістер
Сенная базаның су астында қалу қаупі бар
Өңірде 300-ден астам эвакуациялық пункт дайын тұр
Халықаралық педагогикалық байқаудың қорытындысы
22 наурыз — Ұлыстың ұлы күні