Құқық қорғау органдары

Петропавлда жол-көлік апаты орын алды

Алайда діттеген жеріне жетпей, автобус апатқа ұшырады. Нәтижесінде ПАЗ маркалы көлік “Қызылжар” орталық мешіті қоршауының бір бөлігін қиратып тастады. Апаттың салдарынан темір қазықтар майысып, кірпіштен тұрғызылған бағана жарамсыз болып қалды. Енді жүргізушіге қоршауды қалпына келтіруге біраз шығындануына тура келеді. Апатқа кінәлі азамат автобустың қоршауға соқтығысуын тежегіштің істен шығуымен байланыстырып отыр. Абырой болғанда бұл кезде мешіттің жанынан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілер болмаған.

Арғын Қажыгұлов – автобус жүргізушісі.

-Автобустың тежегіші істен шықты. Дәл осы кезде жолдың ортасында келе жатқан автокөлікпен соқтықпас үшін, көше жиегіне бұрылуыма тура келді. Қайта, жол жиегінде адамдар болған жоқ.

 

 

Бакыт Садуакасов.