Құқық қорғау органдары

26 жастағы тонаушы ұсталды

Ильдар Мухамедьяров, Петропавл қалалық ІІБ тергеушісі.

-Бізге екі жігіт хабар берді. Олар алтын алқасы ұрланған нәзік жандыға көмектесу мақсатында тонаушының соңына түскен. Сөйтіп, студенттер оның қай үйге кіргендігін нақты айтып берді. Нәтижесінде ұрының өз баспанасын паналағанын анықтадық.

Бірақ, тонаушы тәртіп сақшыларына есікті ашуға асықпаған. Қылмыскерді қолға түсіру үшін тәртіп сақшылары құтқарушыларды көмекке шақырады. Алайда, ұрының үйіне терезе арқылы кіру үшін арнайы сатысы бар көлік келгенде, қылмыскер есікті өз еркімен ашқан.

Пәтерді тінту барасында ұрланған алтын алқа табылды. Бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, 26 жастағы қылмыскер уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр. Тәртіп сақшылары қылмыскерді ұстауға көмектескен жандарды марапаттауды жоспарлап отыр.

 

 

Бану Ахметова.