Құқық қорғау органдары

“Құқықтық тәртіп” акциясы аяқталды

Нәтижесінде операция басталғалы облыс полицейлері 1500-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықтың бетін ашқан. Оның ішінде 69-ы ұсақ бұзақылық фактілері анықталды. Облыс орталығының тәртіп сақшылары жеке жоспар бойынша жұмыс атқарды, өйткені құқық бұзушылықтардың дені Петропавлда тіркелуде.

Сайран Саркенов – Петропавл қалалық ІІБ әкімшілік полиция бөлімі басшысының орынбасары.

-“Құқықтық тәртіп” шарасының екі күні ішінде 554 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Есірткі заттарын сақтаудың 1 және суық қару ұстаудың тағы бір 1 фактісі әшкереленді. Ұсақ бұзақылық әрекеттер үшін 17 адамды жауапкершілікке тартық. Сонымен қатар, түнгі уақытта ойын-сауық кешендерін тексеру кезінде кәмелет жасқа толмағандар ұсталды.

Ата-анасының қарауынсыз қыдырып жүрген балаларға қатысты 13 хаттама толтырылған. Заңды елемегендердің көпшілігі өңір аудандарынан Петропавлға қонаққа келген екен.

Екі күнде кәмелет жасына толмағандарды бейімделу орталығына 2 жасөспірім жеткізілді.

 

 

Сагыныш Маркашева.