Спорт

“Нептун” аквапаркінде мүгедек балалар жарысты

Анна Бойцова – Нептун аквапаркінің әкімгері.

-Бұндай жарыстарды біз “Адон-север” қоғамдық бірлестігімен жыл сайын ұйымдастырып тұрамыз. Бүгінге дейін балалардың көбі судан қорқатын, ал қазір олар суда еркін жүзіп үйренді. Судың бетінде ғана емес астында да жүзуді үйренді. Осындай шараларды жиі ұйымдастырып тұрсақ, балалардың денсаулықтары да жақсарады.

Сайыс басталмай тұрып, жасөспірімдер нұсқаушының көрсеткен жаттығуларын суда орындайды. Бұндай жаттығулар балаларға өздерін суда еркін сезінуге септеседі. Бірнеше нұсқаулар орындалғаннан кейін, ысқырық шалынып, эстафеталық жарыс басталып кетті. Жеткіншектер стаканға құйылған суды төкпей бір нүктеден екіншіге апару, балық аулау сынды сайыстарда өзара мықтыны анықтады. Бұл жастардың барлығы “Адон-Север” қоғамдық бірлестігінің мүшелері. Бірлестік төрайымының айтуы бойынша осы сынды жарыстарды олар жылдың әр мезгілінде ұйымдастырады.

Елена Колмогорова – “Адон-Север” қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

– Бүгінде біздің бірлестікте 100-ге жуық мүгедек балалар бар. Оларға арнап қыста шыңғымен сырғанау, бассейнде, ипподромда жарыстар ұйымдастырамыз. Мұндай шараның басты мақсаты – балалардың денсаулығын жақсартып, нығайту. Сонымен қатар педагогтарымыз тегін кеңес те береді.

Сайыстың қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Бұндай шараның ұйымдастырығанына балалардың ата-аналары да дән риза.


Риат Шони.