Аптадағы маңызды жаңалықтар

Испания мемлекетінің “АМРО” компаниясы “Қазақстан Инженеринг” ҰК-мен әріптестік орнатты

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі.

-АМРО – әлемде белгілі компания. Мұнай, газ өндірісіне қажетті жоғары технологиялы құбарлар жасайды.

АМРО компаниясының президенті өз кезегінде, үдемелі индустриялық – инновациялық даму бағдарламасына қатысу ниетін жеткізді.

Джон Агирре, АМРО S, КООП компаниясының президенті.

-Біз сіздің елдеріңізге ресми іс-сапармен 3 мәрте келген едік. Қазақстандағы мұнай-газ өнімдерін шығаратын өндіріс ошақтарын араладық. Сонда Қазақстан біз үшін инвестиция құюға қолайлы аймақ екендігіне көз жеткіздік. Жақында біз Үндістанда мұнай-газ өндірісіне қажетті жабдықтар шығаратын зауытты іске қостық. Оған шет елден 50-ге жуық білікті маман тартылып, 200-ге жуық Үндістан азаматына жаңа жұмыс орны ашылды. Енді сіздермен де өзара әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойып, өз өнімдерімізді шығармақ ойымыз бар.

АМРО әлемдегі жаңашылдықтарға тез бейімделетін озық компаниялардың бірі саналады. Мекеме дүние жүзіндегі алпауыт компаниялардың тапсырысын орындайды. Энергетика, газ, химия және мұнай өндірісіне қажетті жоғары технологиялық сан түрлі құбырлар жасап шығарады. Қазір олар Қытай халық республикасымен де зауыт тұрғызу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр.
Меймандар күннің 2-ші жартысында “Мұнаймаш” АҚ-ына барып, өндірістік цехтарды аралады. Шетелдік компания өкілдері зауыттың жоғары технологиялық өнімдерді әзірлеуге қауқарлы екендігіне көз жеткізді.
Осы жерде олар шағын көрме ұйымдастырып, өңірлік зауыт жетекшілеріне өз өнімдерін ұсынды. Кейін “Қазақстан Инженеринг” ҰК-сымен өзара әріптестік жөніндегі мемонадумға қол қойды.

Екі мемлекеттің компаниялары орнатқан өзара әріптестік – келешекте шетелдіктердің соны технологияларын өзімізге ендіруге, 200-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашуға, аталған салаға маманданған кадрларды даярлауға мүмкіндік береді. Испаниядан бізге 50 білікті маман келіп, жерлестерімізді тың технологияларды пайдалану амалдарына машықтандырады.

Джон Агирре, АМРО S, КООП компаниясының президенті.

-Біздің кеңселер барлық мемлекеттерде бар. Инвестор ретінде бізді Қазақстан – дамушы ел есебінде қызықтырып отыр. Сіздің мемлекетте мұнай, газ, су құбырларына арналған тиек, темір арқауларды шығармақшымыз. Бөлшек саймандардың барлығы жергілікті “Мұнаймаш” АҚ-ының өндірістік цехтарында жасалады. Біз оған қажетті бизнес-жоспарды жергілікті бизнесмендермен келісе отырып, 6 аптаның ішінде жасаймыз. Оны талқыдан өткізіп, толық бекітілгеннен кейін, сәтін салса, жобаны келер жылдың басында жүзеге асырамыз.

Келіссөздердің ресми бөлігі аяқталысымен, әріптес атанған қос компанияның басшылары БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз-конференциясын өткізді. Жиында тілшілер АМРО және “Қазақстан Инженеринг” компанияларының алдағы жоспарларын сұрап білді.

 

 

Берик Касен.