Құқық қорғау органдары

Заңсыз айналымда болған контрафактілік DVD-дискілері көпшіліктің көзінше жойылды

Медет Оспанов, қалалық ІІБ сақтау камерасының меңгерушісі.

-90 петропавлдық лицензиясы жоқ тауарды негізінен сауда үйлерінің маңайында өткізіп жүрген. Сот шешіміне сәйкес, олар мемлекетке 7 млн. теңгеге жуық залал келтірді. Сәйкесінше, заңсыз іспен айналысқандары үшін айыппұл төледі.

Шараға ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитеті мен құқық қорғау органдарының өкілдері, “Жас Отан” ЖҚ мен Жастар бастамалар орталығының белсенділері қатысты. Олар бұқараны өнер, ғылым, әдебиет салаларындағы авторлық құқықтарды бірлесіп қорғауға шақырады.

Бекет Әліғожин, ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары.

-Тәжірибе көрсеткендей идеясы ұрлаған өнертапқыштардың құқықтары тапталса, олар өз істерімен айналысуды доғарады. Сондықтан біз оны болдырмас үшін құқық қорғау органдарымен бірлесіп түрлі амалдарға баруға мәжбүрміз.

Бірнеше минуттың ішінде үйіндіге айналған контрафактіні коммуналдық кәсіпорынның қызметкерлері жүк көлігіне тиеп, қоқыстар алаңына жөнелтті. Өңірдегі кәсіпорындардың, кәсіпкерлер мен өнертапқыштардың құқығы тапталмас үшін мұндай шаралар әлі де жалғасын таппақ.

 

 

Берик Касен.