Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңір педагогтары тамыз кеңесінде бас қосты

Алтын Сейітова- «Ақ бота» балабақшасының директоры.

-«Ақбота» балабақшасы ашылғалы бері 3 тілді оқыту жүргізіліп келеді. Онда 320 бала бар. Балалардың алғын білімдері мектепке жақсы оқуға септеседі.

Кейін облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының фойесінде оқушылар аймақ басшысы Ерік Сұлтановқа өздері жасаған ғылыми жобаларын таныстырды. Дарынды жастың бірі – Қызылжар ауданындағы Озерное орта мектебінің 9 сынып оқушысы Салтанат Күлжанова. Ол сәуір айында Байқоңыр қаласындағы ғылыми жобалар сайысына қатысып, грант иегері атанған. Жұмысының тақырыбы- Солтүстік Қазақстан облысындағы баламалы энергия көздерін пайдалануды жетілдірудің тиімді жолдары деп аталады.

Салнатан Күлжанова- Озерное орта мектебінің 9 чсынып оқушысы, Қызылжар ауданы.

-Бұл жұмысты таңдаған себебім – бізде жел үнемі соғып тұрады. Сондықтан одан неге электр қуатын алмасқа деген ой келді. Мынау біздің макет. Ол қарапайым қондырғылардан жасалған. Оны айналдырса батарея зарядталады және электр жарығы пайда болады.

Кейін өңір педагогтарының өткен оқу жылындағы жетістіктері мен қордаланған мәселелері сөз болды. «Білім берудің инновациялық стратегиясы тұлға, қоғам және мемлекеттің тұрақты дамуының факторы» деп аталатын ждиынға барлығы білім саласының 500 қызметкері қатысты. Олардың пікірінше, 21-ші ғасырдың оқушылары мектепте ғана алған біліммен шектеліп қалмай, өз бетімен инновациялық технологияны меңгеруге ұмтылу қажет. Сондықтан болар, елбасы Қазақстанның дамуын білім саласының жаңартылуымен байланыстырады.

Шолпан Каринова- СҚО білім басқармасының басшысы.

-Ұлт көшбасшсы ел дамуын білім саласының жаңғыртылуы және адами капиталдың дамуымен байланыстарды. Осыған орай білім берудің ұлттық моделі қалыптастырылуда. Қазіргі күні балалар тек ұстаздар берген білімді ғана емес, инновациялық технологияларды пайдалана отырып, өздері жан- жақты білімді болуға ұмтылулары қажет. Сонда ғана біз толыққанды білімді де көзі ашық саналы ұрпақты тәрбиелей аламыз.

Кейін «Назарбаев зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымының басқарушы директоры – Айгүл Қазжанованың баяндамасы тыңдалды. Ол Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірбиесін ендіру бағдарламасы жайына тоқталды.

Айгүл Қазжанова- «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ басқарушы директоры.

-Бұрын ұстаздар тек бір бағытта ғана жұмыс жасап, белгілікті бір арнадан шыға алмаса, қазір уақыт талабына сай, барлығы өзгерді. Сондықтан біз білім саласының мазмұнын өзгертіп, балаларды соған даярлау қажетпіз. Балғындарымыз 3 тілді жетік біліп, өздігінен ақпаратты қабылдап, оны дұрыс қорыта білу қажет. Осы жобаны енгізу арқылы біз оқушыларды халықаралық стандарттарға сай етіп дайындап шығарамыз.

Сонымен қатар жиында өңірімізде құрылысы жүргізіліп жатқан химия-биология бағытандағы Назарбаев зияткерлік мектебінің балаларды 3-ші тоқсанан бастап оқыта бастайтындығы айтылды. Кеңес жұмысында өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов білім беру мекемесінің директорын да таныстырды. Ол міндетті – Гүлфарида Раисова атқартын болады. Кейін білім саласы қызметкерлерінің алдында сөз сөйлеген аймақ басшысы ұстаздардың әр адамның өмірінде маңызды рөл атқаратындығын атап өтіп, оларға сәттілік тіледі.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

-Қадірлі қауым, бүгінгі бас қосу барша ұстаздарға тың серпін береді деген үміттемін. Білім берудегі алға қойған міндеттерді шешу, сіздердің қолдарыңызда. Жас ұрпаққа сапалы білім, өнегелі тәрбие беруде жемісті қызмет пен табысты еңбекк тілеймін.

Кейін білім саласының бірнеше қызметкері облыс әкімі – Ерік Сұлтановтың құрмет грамоталары мен алғыс хаттарына ие болды. Осы жерде ұстаздық жолға енді қадам басқан жастарға қошемет көрсетіліп, олар жиналғандардың алдында салтанатты түрде ант қабылдады. Жыл қортындысы бойынша үздік деп танылған 12 пән ұстазына да аймақ басшысының 50 мың теңге көлеміндегі сыйақысын табыстады. Оны иемденгендердің қатарында Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы -Жанар Әбілова да бар.

Жанар Әбілова- Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

-Білім саласында еңбек еткеніме 17 жыл. Мектепте 3 тіл тереңдетіліп оқытылды. Ақпараттық технологиялар қолданылады. Олимпиадаларға жақсы дайындаймыз. Соның жемісі осы марапат деп ойлаймын.

Сонымен қатар облыс әкімі Ерік Сұлтанов жыл қортындысы бойынша «орта білім беру саласындағы үздік ұйым» атанған бірінші лицейге 16 млн теңгенің сертификаты мен кубокты табыстады. Тағы республикалық олимпиадаларға балғындарды даярлағаны үшін өңіріміздің 10 ұстазы аймақ басшысының қолынан 50 мың теңге көлемінде сыйақы алды. Бұдан өзге «ҚР білім саласының үздігі» және «Ыбырай Алтынсарин атындағы» төсбелгілермен 4 оқытушы марапатталды.

 

 

 

Магжан Ахмадина.