Билік

Береке ауданындағы 10 көпқабатты үй жыл соңына дейін тапсырылуы керек

Бұл көпқабатты үйлер “Қолжетімді баспана-2020” мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғызылуда. Құрылыс жұмыстарына 10 мердігер жұмылдырылған. Бұл баспаналардың барлығын халық игілігіне биыл тапсыру жоспарланған. Сондықтан да аймақ басшысы мердігерлерге құрылысты жоспарға сай жүргізіп, баспаналардың барлығын мерзімінде тапсыруды қадап айтты. Сонымен қатар бұл ауданда тағы 4 үйдің орны дайындалуда. Құрылыс жұмыстарының жоспарға сай жүргізілуін облыс әкімі өзінің орынбасары Владимир Бубенкоға тапсырды.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі.

-Бүгін әрбір үйге қатысты хаттама дайындаңдар. Бұдан бұлай бұл іске орынбасарым Владимир Бубенко жауапты болады. Және әр бейсенбі сайын жиналыс өткізуді тапсырамын. Өзім айына 2 рет келіп, бақылап отырамын.