Құқық қорғау органдары

Жыл басынан бері өңір полицейлері заңсыз ағаш кесудің 30-дан астам фактісін анықтаған

Мысалы Айыртау ауданындағы ішкі істер бөліміне тұрғындардың бірі мемлекеттік табиғи парктің аумағында заңсыз ағаш кесіліп жатқанын хабарлаған. 52 жасар ауыл тұрғыны қылмыс орында қолға түсті. Полицейлер келгенше, сезікті 15 қайың мен 3 көктеректі шауып үлгеріпті. Осылайша, ер азамат 6 текте метр ағашты кесіп, табиғатқа 90 мың теңгенің шығынын келтірген. Полицейлер ара мен шабылған ағаштарды тәркілеп, істі сотқа жолдады.

Нәтижесінде әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодекстің 283 бабына сәйкес, 50 Айлық Есептік Көрсеткіш көлеміндегі айыппұл салынды. Сонымен қатар, Мамлют ауданының 42 жасар азаматшасына да шығындануға тура келді. Кәсіпқой ауыл тұрғыны Песчаное көліне жақын жердегі 10 қайыңды заңсыз шауып алған. Орман қорына 26 мың теңгенің шығынын келтірген сезіктіге 10 Айлық Есептік Көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл салынды. Барлығы жыл басынан бері өңір полицейлері 32 заңсыз орман кесушіні жауапкершілікке тартқан. Айыппұл көлемі 100 мың теңгеден асты.

 

 

Гульмира Шохтыбаева.