Құқық қорғау органдары

“Абайлаңыз, балалар” жедел алдын-алу шарасы аясында тәртіп сақшылары қан тапсырды

Әбілсейіт Жолаушин, СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы.

-Мұндай акцияны жыл сайын өткіземіз. Бұл дәстүрге айналған шара.

Жақын күндері жаңа оқу жылы басталады. Сондықтан тәртіп сақшылары тамыздың аяғы мен қыркүйек айында күшейтілген түрде жұмыс істемек. Арнайы шара барысында мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға жолда жүру ережелері түсіндіріліп, алдын-алу шаралары жүргізіледі.

Әбілсейіт Жолаушин, СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы.

-Ағымдағы жылдың 7 айында облыс жолдарында балалардың қатысуымен 26 жол көлік апаты тіркелді. Онда 32 жеткіншек әр түрлі дене жарақаттарын алды.

Енді, бұндай қайырымдылық донорлық акциясын солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары қараша айында өткізуді жоспарлап отыр.

 

 

 

Бану Ахметова.