Әр түрлі

ID-орталықтың құрылғанына 5 жыл толып отыр

Анна Фетисова – “Қазақтелеком” АҚ ОТД сатушы маманы.

-Акцияға келген тұрғындарға көптеген сыйлықтар әзірледік. Арнайы ұйымдастырылған викториналарға ересектермен қатар балалар да қатыса алады. Шара соңында балғындарға тәттілер де таратпақпыз.

Акцияға облыс орталығы тұрғындарының кейбірі әдейілеп келсе, өзгелері ойламаған жерден шараның қатысушысы атанып, белсенділіктерін көрсете білді. Солардың арасында қала тұрғыны Николай Тихненко да бар. Қазақтелеком компаниясының қызметтерін тұтынушы өзінің ептілігін дартс ойынында барынша көрсете білді.

Николай Тихненко.

-Мен қазақтелекомдықтар өткізіп отырған акцияның қатысушысы атандым. Өз басым орталықтың қызмет түрлерін тұрақты қолданатындардың бірімін. Біз ойындар мен викториналарға жай ғана қатысып қоймай, оған қоса сыйлықтар аламыз.

Қырағы жерлестеріміз дартстың көрігін қыздырып жатқан кезде, арнайы тігілген киіз үйде “Қазақтелеком” компаниясы ұсынатын қызмет түрлері туралы ақпарат берілді. Кейбір петропавлдықтар мүмкіндікті пайдаланып, акция кезінде өздеріне ұнаған қызмет түрлеріне қосылуға бірден өтініш білдіріп жатты. Дирекция басшылығы аталған шара арқылы өз тұтынушыларын қуантуды көздепті.

Любовь Маслова – “Казақтелеком” АҚ ОТД коммерциялық директорының орынбасары.

-Біздің компания құрылған уақыттан бастап тұтынушыларға көрсетілетін қызмет түрлерін ұлғайтуды басты жолға қойды. Оған қоса, жаңа технологияларды үнемі енгіземіз. Облыста байланыс орталығының қызметін жүз тоқсан бір мыңнан астам тұрғын пайдаланады. Мұнымен бірге 58 мың солтүстікқазақстандық абонент ғаламтор желісін тұрақты қолданады.

Орталық қызметкерлері мұндай акцияларды алдағы уақытта жиі өткізуді жоспарлап отыр.

 

 

Бақыт Сәдуақасов.