Білім

Білім сапасын жақсарту

Қызғалдақ Сатмұхамбетова, “Шикула және К” ЖШС баспасының менеджер-кеңесшісі, Астана қаласы.

-2,3 жасар балалаларға арналған әдістемелік кешенде баланың жас ерекшелігіне сай білім бағытының барлық тармағы қарастырылған. Соның ішінде педагогтарға арналған әдістемелік нұсқаулықтар да кіреді.

Баспахана өкілдері жаңа оқулықтарды шығармас бұрын үнемі мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілерінің ұсыныс-пікірлерін ескереміз дейді.

Қызғалдақ Сатмұхамбетова, “Шикула және К” ЖШС баспасының менеджер-кеңесшісі, Астана қаласы.

-Осыдан 1 жыл бұрын біз ел бойынша ақысыз семинарлар өткіздік. Сонда мектепке дейінгі ұйымның педагогтары бізге 2,3 жасар балалармен жұмыс жасауға арналған әдістемелік оқулықтар мен нұсқаулықтар аз деді. Міне, біз сол тілектерін орындап, аталған материалдарды бүгін әкеліп отырмыз.

Көрмеде ұсынылған әдістемелік оқу кешендеріндегі материалдар ойын түрінде берілген. Тәрбиешілердің айтуынша, ол баланың әріптерді, жаңа тақырыпты тез ұғынуына септесетін көрінеді.

Гауһар Тасболатова, Чкалов №1 орта мектебі мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі, Тайынша ауданы.

-Материалдар баланың жас ерекшелігіне сай жасалған. Безендірілуі тамаша, көрнекі құралдары бар.

Сондай-ақ бұл көрмеде “ART CITY” компаниясы да өз өнімдерін ұсынды. Мекеме оқушыларға қажетті оқулықтарды 98 жылдан бері шығарып келеді. Ал қазақ әліпбиін шығаруды биыл ғана қолға алыпты.

 

 

 

Берик Касен.