Қоғам

Халыққа қызмет көрсету орталығында Жастар ісі жөніндегі комитет құрылды

Азат Мұхамеджанов, “Жастар мәслихаты” ЖҚБ белсендісі.

-Бұл комитет барлық салада қызмет ететін жасы 29-ға дейінгі азаматтардың мәселелерін шешуге атсалысып, белсенділіктерін арттырумен айналысады. Ұйым 3 бағытта жұмыс істейді. Олар: жобаларды басқару және жетекшілік ету, жастарды оқыту, жаппай еңбек ұйымдарын құру.

Сондай-ақ, жиында ҚР зейнетақы жүйесі де қызу талқыланды. Жастар оған енгізілген жаңашылдықтар жайында үнемі құлағдар болу тиіс дейді мұндағылар.Бүгінгі басқосуға Жастар бастамалары орталығының қызметкерлері де қатысты. Олар екі қолға күрес іздеген кейінгі толқын өкілдеріне жұмыс табуына көмектеседі. Алдағы уақытта орталық комитетпен қоян-қолтық жұмыс істемек.

Данияр Әбутәліп, СҚО жастар бастамалары орталығының директоры.

-Жастар осы комитет арқылы өз мәселелерін шешіп, біздің көмегімізге де жүгінулеріне болады. Біз барынша көмектесеміз.

Жиында Жастар ісі жөніндегі комитеттің жетекшісі сайланды. Ұйымға 8 адам мүшелік етеді.

 

 

Бану Ахметова.