Құқық қорғау органдары

«Тұрмыс. Қадағалау. Мас жүргізуші» атты жедел-алдын алу шарасын өткізілуде

Акцияның мақсаты – маскүнемдер, тұрмысы төмен отбасы мүшелері, түзету орнынан мерзімінен бұрын босап шыққан және есепте тұрған адамдар тарапынан жасалатын қылмыстардың алдын алу. Акцияның бірінші күнінде-ақ полиция қызметкерлері 540 қала тұрғынын тексеріп шыққан. Нәтижесінде 9 қылмыстың беті ашылып, 24 адам есепке алынды. Жедел-алдын алу шарасы тамыздың 23-іне дейін жалғасады.

Әлібек Ғабдуллин – Петропавл қаласы ІІБ әкімшілік полиция бөлімі бастығының орынбасары.

-Акцияның бірінші күнінде полицейлер есепте тұрған – 211 азаматты, мерзімінен бұрын босап шыққан – 33, әкімшілік бақылауда тұрған – 7 адамды, 112 маскүнем мен тұрмысы төмен 27 отбасын және үйінде қару-жарақ сақтайтын 65 петропавлдықты тексерді.

 

 

Магжан Ахмадина.