Ауыл шаруашылығы

“Тайынша-астық” ЖШС-і өңірімізде ірі агроқұрылымдардың санатында

Асқар Темірбаев – “Тайынша-астық” ЖШС-нің азық жинағыш бригадасының басшысы, Тайынша ауданы

– Шөптің сапасы өте жақсы, жауындар дер кезінде жауды. Осы алқаптан екінші рет шөп шауып жатырмыз. Ауа райы қолайлы болса үшінші рет шабуымыз да әбден ықтимал.

Шабылған шөп мал фермасының жанында орналасқан пішендемелі траншеяларға жеткізіледі. Мұнда жоңышқаны қыс мерзіміне дейін сақтау үшін нығыздап консервілейді.

Технология бойынша бір траншеяны толтырып, ауа кірмейтіндей етіп, 3 тәулік бойы жабық ұстау керек. Айтпақшы, пішендемелер бұршақ тұқымды шөп пенен дәнді-бұршақ тұқымдас қоспадан жасалса, сапалы болады.

Франс Горай – “Тайынша-астық” ЖШС өндіріс директорының орынбасары, Тайынша ауданы

– Бір жұмыс ауысымының ішінде 1 мың тоннаға жуық шөп салынады. Пішендеме келгенше, мал азығын сүрлеу үшін оны ұйытқымен араластырамыз. Жоңышқадан кейін келесі пішендемеге біржылдық шөптерді саламыз. Ол арпа, сұлы, бұршақ пен дәндер қоспасы. Бұлар да пішендеме үшін жақсы құрамдас болып табылады. Ауыспалы азықтың түр-түрі болу үшін әрдайым артығымен дайындаймыз.

Бір пішендеменің сыйымдылығы 3-4 тоннаға жетеді. Жалпы бұл аумақта аумақта 5 пішенді траншея бар, тағы екеуі салынып жатыр. Болашақта мал басының артуына байланысты, нысандар да көбеймек. Бүгінде сүтті бағыттағы 2 мыңнан аса, тағы сонша етті бағыттағы ірі қара бар. Мал шаруашылығы кешенінің аумағында канадалық технологиямен салынған 7 корпус бар. Мынау соңғы салынған көпфункционалдық ғимарат. Онда қара ала тұқымды сиырлар бар.

Александр Лукавский – “Тайынша-астық” ЖШС мал шаруашылығы бойынша директорының орынбасары, Тайынша ауданы

– Бұл корпус 2011 жылы тұрғызылды. Онда 350 бас жергілікті сиырлар бар. Оларды канадалық технологиямен асыраймыз. Өткен жылы біртектес түрде асырап едік, бірден 4 мыңнан 6 мың тоннаға дейін сүт алатын болдық. Осы жылы көрсеткішті тағы да арттыруға тырысамыз. Ол үшін өтпе желдің болмауы, ғимараттың құрғақ болу мен жылы су және де жақсы азық болуы керек.

Сонымен қоса шаруа қожалығында симментал, ангус, герефорд, қазақтың ақ бас сиырлары мен голштино-фриз тұқымды ірі қаралар бар. Серіктестіктегілер 20-ы тамыздан егінді жинауға кірісуді жоспарлап отыр. Шаруашылықтың қарамағында 60 мың гектардан астап алқап бар. Оның ішінде 15,5 мың майлы тұқымдастарға, 7 мыңы мал азығына, ал қалғаны дәнді және де бұршақ тұқымдастарына бөлінген. Барлық тұқым жоғары репродукциялық өнім саналады.

Анатолий Рафальский, «Тайынша-астық» ЖШС директоры, Тайынша ауданы

– Бізде кәсіби ұжым жиналды. Барлық көрмелерге қатысып, барлық елдерге барамыз. Соңғы кезде бізге үйренуге тура келді. Ауылшаруашылығында алдыңғы қатардағы қандай әдістер бар, соның барлығын меңгеруге тырысамыз. Агроөнеркәсіпте, мал шарушылығында туындаған жағдайға ризамыз. Елбасының, үкімет пен облыс басшылығының тарапынан үлкен қолдау бар. Агробизнесті субсидиялау көмегі бізге ары қарай дамуға септеседі. Әлі де болса ірі қараның басын көбейткіміз келеді. Сүт өнімдерін шығаратын зауытты салуды, картоп отырғызып жинауды жоспарлап отырмыз. Жоспарымыз көп, барлығы іске асады деп ойлаймын. Өйткені бұған бар жағдайлар қарастырылған.

Серіктестіктің директоры Анатолий Рафальский инфроқұрылымды дамыту мен жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға ерекше көңіл бөледі. Мұнда жуырда балаларға арналған ойын алаңы ашылады. Нысан «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша тұрғызылуда. Әткеншектер мен белтемірлерді жергілікіті шеберлер өз қолдарымен жасаған екен.

Владислав Галицкий – Яснополян селолық округінің әкімі, Тайынша ауданы

– Конкурста тендерді «Тайынша -астық» ЖШС-ің бас директоры ұтып алды. Бұл өте жақсы, өйткені оның ауланы әдемі қылып жасауға үлкен қызуғышылығы бар. Тендерден 1 млн. 400 мың теңге ұтып алынды, ал ауланы салуға 2 млн. теңгеден аса қаражат бөлінді. Қазір жұмыс қызу жүріп жатыр, мұнда тренажерлар, спортпен айналысуға арналған белтемірлер орнатылады. Селода атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы мемлекеттік жеке серіктестік бағдарламасының нәтижесі. Яғни мемлекет арнайы қаржы бөледі, сонымен қоса жеке кәсіпкерлер де үндесіп, демеушілік жасауда.

Селода мектеп, шағын-орталық, мәдениет үйі, фельдшерлік-акушерлік пункт, ретро-мұражай мен кафе бар. Көп ұзамай поляк орталығы мен қоғамдық моншада өз жұмысын бастамақ.

Анатолий Рафальский – «Тайынша-астық» ЖШС директоры, Тайынша ауданы

– Біз моншаны жаңғыртуды жөн көрдік. Бұл жаңа, массаж қызметі көрсетілетін, шаштараз бен, фитнес-зал және де арнайы құралдармен жабдықталған заманауи монша болмақ. Менің ойымша қала мен ауылдағы жайлылықтың айырмашылығы болмауы керек. Қаладағы қызметтер ауылда да көрсетілуі керек. Сол кезде көшемін деген ой туындамайды. Жақсы үй, балабақша, мектеп, орталықтандырылған жылыту желісі болса, ауылда тұруға болады. Міне осыған ұмтылу қажет.

Айта кету керек, Ясная поляна елді-мекеніне жаңадан қоныс аударып жатқандар да баршылық. Жастар да жоғарғы оқу орындары мен колледждерді тәмамдап, өздерінің кіндік қаны тамған жерге оралуда.

Анатолий Рафальский – «Тайынша-астық» ЖШС директоры, Тайынша ауданы

– Қазіргі таңда бізде қатардағы қызметкерлердің де, арнайы мамандық иелерінің де тапшылығы мәселесі жоқ. Біз жастарды кәсіпорынның есебінен оқытамыз. Түлектермен кездесіп, олардың қызығушылығын танытамыз. Біз оларды оқытамыз, ал олар өз кезегінде міндетті түрде кәсіпорында қызмет етуге кепілдік береді. Тәртіп бойынша олар ұзақ уақытқа қалып жұмыс істейді. Мұнда барлық әлеуметтік сұрақтар да, өндірістік мәселер де бір-бірімен өзара байланысты. Барлығын бір уақытта кешенде шешу қажет.

Қазір Ясная поляна елді-мекеніндегі жеке тұрғын үйлерге орталықтан жылу тарату және сумен жабдықтау жұмыстары жалғастыруда. Қазіргі таңда 30 аула абаттандырылған. Келешекте жеке тұрғын үйлер салу да жоспарда бар.

 

Риат Шони.