Көлік және жолдар

Петропавлда 4 жолақты тас жол пайда болады

Виктор Ярощук – “Су-808” ЖШС шебері

– Қазір асфальт төсеу шараларына 3 бригада жұмылдырылған. Екеуіндегі жұмысшылар бордюр орнатса, үшінші бригада учаскені жаңа жол төсеуге әзірлейді.

Жалпы аталған участокты жөндеуге қалалық бюджеттен 112 млн. теңге қаржы бөлінген. Сондай-ақ жоба бойынша екі жақтан жаяу жүргіншілерге арналған жол төселмекші.

Виктор Ярощук – “Су-808” ЖШС шебері

–  Жолдың ұзындығы 585 метр, ал ені 14 метр. Участоктағы жұмыстар барынша сапалы жүргізілуде. Бұл жол көліктердің жүруіне де, жаяу жолаушыларға да ыңғайлы болады деген ойдамыз.

Қазіргі кезде участокта 10 техника мен 30 адам жұмыс істеуде. Осындай қолайлы ауа райы сақталса, 4 жолақты жолды мерзімнен бұрын төсеп аяқтаймыз дейді кәсіпорын жұмысшылары.

 

Сагыныш Маркашева.