Құқық қорғау органдары

Сонымен қатар із түссіз жоғалған 1971 жылғы Анатолий Анатольевич Абрамовқа да іздеу жарияланды. Азамат мамырдың 11-ы Шухов көшесіндегі үйінен шығып хабарсыз кеткен. 32 жасар Петр Викторович Гудков та жоғалғандардың тізімінде тұр. Ол Парк көшесі, 179 мекен-жайында тұрып келген Петр Гудковтан 14 маусымнан бері еш хабар-ошар жоқ.

Жалпы, жыл басынан тәртіп сақшыларына азаматтардың жоғалғандығын айтып 120 адам жүрінген. Олардың 14-і бірнеше жыл көрмей жүрген жақындарымен қарым-қатынастарын нығайтқысы келеді. Сондай-ақ із-түссіз жоғалған 83 адам 3 тәуліктің ішінде табылған. Осыған қатысты қандай да бір ақпар білетін азаматтар 39-48-37, 39-41-79, 39-41-78 немесе 102 нөмерлері бойынша хабарласуларын сұраймыз.

Ахметова Бану.