Денсаулық сақтау

Өңірде менингит ауруынан бір сарбаз қайтыс болды

Ғалия Сыздықова – 1-ші қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінің дәрігері

– Қазіргі кезде алаңдауға еш негіз жоқ. Барлық сарбаздардың денсаулығы бірқалыпты. 4 жауынгердің 3-уі арнайы терапиядан өткеннен кейін, әскери бөлімшеге жіберілді. Ал 4-ші жауынгер біздің жұқпалы аурулар бөлімшесінде әлі күнге ем алуда. Науқас дертінен толық айыққан соң ғана, оны әскери борышын өтеп жүрген бөлімшеге жібермекпіз.

Менингит – мектеп жасындағы балаларда жиі кездесетін ауру. Ал ересектер бұл індетке көп шалдыға бермейді екен. Ауруға шалдыққан адамдардың дене қызуы 39-40 градусқа дейін көтеріліп, құсып, басы ауырады. Науқасты дерттен толықтай айықтыру – қауіпті аурудың асқыну дәрежесіне байланысты көрінеді.

Ғалия Сыздықова – 1-ші қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінің дәрігері

– Инфекцияны жұқтырған науқастың аурудан сауығуы тікелей минингит жұқпасының сатыларына байланысты. Егер де ауру адам дер кезінде келіп емделсе, бактерияға қарсы терапиядан өтіп, тез аяққа тұрып кетеді. Ал ауруы асқынып кеткен адамдарды сауықтыру қиын. Көп жағдайда арты соқпақты болып жатады.

Мамандар менингит ауруының белгілері байқалған жағдайда шұғыл түрде емханаға бару керек дейді. Егер инфекцияны дер кезінде анықтап, қажетті ем-дом шаралары жүргізілсе, науқасты өлімнен аршалап қалуға болады дейді – дәрігерлер.

 

Бакыт Садуакасов.