Құқық қорғау органдары

“Допинг” жедел алдын алу шарасы

Қабира Мұхамбетова – СҚО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының инспекторы

– “Допинг” жедел алдын алу шарасы барысында 4 қылмыс тіркелді.

Нәтижесінде 3 күндік рейд барысында бірқатар дәрілік заттың айналымда заңсыз жүргені анықталған. Олар психотроптық дәрі-дәрмекті жасауда пайдаланылады екен.

Қабира Мұхамбетова – СҚО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының инспекторы

– “Допинг” жедел-алдын алу шарасының нәтижесінде, тәртіп сақшылары сақтау ережесі бұзылған 120-ға жуық ампула мен 56 дәріні тәркілеп, әкімшілік заңнаманы бұзуға қатысты 8 хаттама толтырылды.

Жыл басынан бері есірткіге қатысты 76 қылмыстық іс тіркелсе, 26 жағдайда сезіктілер есірткі заттарын сатқаны үшін ұсталған. Жалпы, саудагерлерден 150 келіге жуық түрлі есірткі тәркіленсе, оның ішінде 3 келісін героин құрайды.

Берик Касен.