Спорт

Мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада өтті

Александр Мицих – жарыстың бас төрешісі

– Сайысқа 19 команда жиналды. Олар 60 және 100, ерлер 1200, әйелдер 800 метрлік қашықтықта жүгіреді. Сондай-ақ, секіру мен 4 те 100 метрлік эстафетада сынға түседі.

Нәзік жандылар үш жас аралығында 60 метрлік қашықтықта сынға түсті. Бақытгүл Ғаріпова 35-ке дейінгі жас аралығының бірінші кезеңінде жеңімпаз атанды.

Бақытгуль Ғаріпова – Балалар және жасөспірімдер спорт мектептерімен жұмыстар жөніндегі оқыту әдістемелік орталығының аудармашысы

– Бұл жарыстар жыл сайын ұйымдастырылып тұрады. Бірақ мен алғашқы рет қатысып тұрмын. 60 метрлік қашықтықта сынға түсіп, жеңімпаз атандым. Менің көрсеткен уақытым 9 секунд.

Сонымен қатар, ер азаматтар да өз араларында кімнің жылдам екендігін анықтады. 60 метрлік айналымда қалалық ІІБ-ның қызметкері жеңімпаз атанды.

Алексей Морев – жарысқа қатысушы

– Мен бұл жарыстарға бірінші рет қатысып отырмын. 100 метрге жүгіруде бірінші келдім. Менің көрсеткен уақытым – 12 секунд. Бұған көңілім толып отыр. Қарсыластарым да осал емес, біраз тер төгу керек болды.

Жалпы дүбірлі додаға 200-ден аса мемлекеттік қызметкер қатысуда. Сайыстың қорытындысы бойынша олар медаль, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 

Риат Шони.