Қоғам

Балалар ақыны Күлбаршын Мұқанованың жаңа өлеңдер жинағы жарық көрді

Күлбаршын Мұқанова, балалар ақыны

– Үлкендерге қарағанда балалар адал, бетіңе қарап ұнамаған нәрсесін тура айтады. Олар менің өлеңімді сүйсініп тыңдап отырған сәтте өзімді дүниеде бақытты сезінемін.

Күлбаршын апайдың әрбір туындысы жүрек жылуына толы дейді ақынның замандастары. Бүгінде оның 20 шақты өлеңіне ән жазылған. Күлбаршын Мұқанованың туындыларын сүйіп оқитын еңбек ардагері Раиса Қасымованың айтуынша, балалар шығармасын жазу оңай емес. Сол себепті, балдырғандарға арнап өлең, әңгіме жазатын ақын-жазушылар некен саяқ. Көбісі, жеңіл болғандықтан ересектердің махабаты туралы жазады дейді.

Раиса Қасымова, еңбек ардагері

– Ол кісі өте талапты. Өлеңдері керемет жақсы. Оның өлеңдерін оқып өскен балалар болашақта мейрімді болады.

4 немеренің әжесі Күлбаршын Мұқанова қазір құрметті демалысында. Бүгінде зейнетке шықтым деп қол қусырып отырмайды. Салауатты өмір салтын ұстанып, үнемі творчествалық ізденісте жүреді. Ара-кідік қазақтандық, ресейлік ақындармен араласып тұрады. Күлпаш апай мұнымен тоқтамақ емес, жаратқан мол ғұмыр нәсіп етсе, келешекке жоспарым көп дейді.

 

Берик Касен.