Қоғам

СҚО-тық сотында электрондық сервис ашылды

Қазіргі таңда өңіріміздегі электрондық сервис сәтті жүзеге асып, бірқатар жерлесіміздің қызығушылығын туғызған. Аталмыш сот кабинеті арқылы сондай-ақ, мемлекеттік салықтарды үйден шықпай-ақ төлеуге, соттық құжаттарды қарауға, барлық істердің қозғалысын қадағалауға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, аталған жаңа қызметтің арқасында процессуалдық істердің қаралу мерзімін бақылап отыруға болады. Кездесуге қатысушылар замануи ақпараттық технологияларды пайдалану сот қызметінің мөлдірлігін, тиімділігі мен қол жетімділігін қамтамасыз ететіндігін айтты.

Риат Шони.