Құқық қорғау органдары

Қарызын өтемей жүрген 500-ге жуық азаматтың орналасқан жері анықталды

Мәселен, Көші-қон полициясының қызметкерлері Қызылжар ауданының 35 жастағы тұрғынын қолға түсірген. Ер адам 2013 жылдың қаңтар айынан іздеуде жүр. Оның құжаттарын тексере келе азаматтың екі бірдей әкімшілік айыппұлды төлемегені анықталды. Борышкер құжаттарын ауыстыру кезінде қолға түсіпті. Ал, келесі бұзақыны полицейлер теміржол вокзалында құрықтады. 24 жастағы қала тұрғынының мемлекет алдындағы борышын өтемегеніне екі жыл болыпты. Ер азаматтардың екеуі де берешектерін жуық арада қайтаратындарына уәде берді.

Бүгінде аталған мәселе бойынша 283 солтүстікқазақстандық іздестірілуде.
Егер айыпты азаматқа салынған айыппұл 3 айдың ішінде өтелмесе қарызгерге қатысты істі тәртіп сақшылары сотқа тапсырады. Ал, жарты жыл өткеннен кейін борышкерге халықаралық іздеу жарияланады.

 

Данаш Хамзина.