Өнеркәсіп

“Биохим” зауытының маңайында химиялық зат табылды

Ферментация цехынан сары түсті түтіннің шығып жатқанын осы кәсіпорынның қызметшілері байқап қалыпты. Тайынша аудандық төтенше жағдайлар бөліміне улы заттың таралуы туралы хабар сағат 17-ден 32 минут кеткенде келіп түседі. “Биохим” зауыты Тайынша қаласынан 700 метр жерде орналасқан. Оқиға орнына ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі солтүстікқазақстандық Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының мамандары дереу жетіп, ауаның тазалығын тексерді. Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, цехтың аумағында диоксид пен азот оксиді анықталған. Нысанның бұдан басқа аумағында бөгде иіс тіркелмеген.

Евгений Журавлёв, СҚО ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы.

-Аталған жағдайға байланысты тиісті іс-шаралар жүргізілді. Резервуардан азот қышқылының ағуы механикалық түрде тоқтатылды. Тұрғындарға төнген қауіп жоқ.

 

 

Данаш Хамзина.