Қылмыс

Облыстық Қаржы полициясы бастығының орынбасары Жандос Ахметовті өлтіруге қатысты қылмыстық іс сотқа тапсырылды

Бұл туралы ақпаратты облыстық соттың баспасөз қызметі таратты. Айыптылардың қатарында Джамалиев, Ковалев пен Хукиев бар.

«Тағылған айыпқа сәйкес, 2007-2013 жылдардың аралығында қылмыс жасауға тапсырыс берушіде СҚО Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығын өлтіру туралы ой пайда болады. Осыған байланысты ол Джамалиевке адам өлтіруді тапсырады. Ал ол өз кезегінде бұл қылмысты орындайтын үшінші адамның қызметіне жүгінеді.

Тергеу нұсқасы бойынша, Джамалиевтің Жандос Ахметовты Департаменттің басшысы деп ойлап, қателесуінің нәтижесінде тапсырысты орындаушы 2013 жылы желтоқсан айының 24-інде өз үйінің кіреберісінде облыстың бас қаржы полицейінің орынбасарын өлтірген. Сотта қылмыстық істі тыңдаудың қашан өтетіні әлі белгісіз. Сондай-ақ, адам өлтіруге тапсырыс берген тұлғаға қатысты іс жеке өндірісте қаралуда делінген мәлімдемеде.

 

Риат Шони.