Білім

Мамлют қаласында жаңа мектеп тұрғызылуда

Николай Заболотксий, “Құрылыс Сервис СК” ЖШС темір ұстасы.

-Құрылыс алаңында түрлі тосын жағдайлар орын алуы мүмкін, сондықтан біздің әр жұмыс күніміз жоспарлы, жүйелі түрде өтеді. Мәселен, істі бастамас бұрын учаске бастығы барлығымыздың басымызды қосып, кеңес өткізеді. Онда ғимараттың сапасын талқылаймыз. Әркімге тиесілі тапсырмалар жүктеледі.

Құрылыстың жалпы аумағы 3147 шаршы метрді құрайды. Мамандардың айтуынша, бір жылдан кейін бұл жер танымастай түрленіп шығады. Алаңға қалыңдығы 1 метр болатын топырақ төселіп, үстіне жасыл желектер отырғызылады. Кейін мектепті жағалай оқушыларға арналып футбол, баскетбол сынды бірнеше ойын алаңдары салынады.

Роман Ромашин, “Құрылыс Сервис СК” ЖШС прорабы.

-Бұл мектеп өңірдегі өзге білім ошақтары секілді әдемі болады. Ғимараттың жобалық сметалық құжаты жақсы жасалған. Мектепте кең әрі жарық кабинеттерден бөлек, спорт залы және асханасы болады. Білім ошағының айналасы қалдық заттармен ластанбау үшін көмір мен жылыту пештерінен шыққан күлді сақтайтын нысан тұрғызамыз.

Бұл ғимараттың құрылысына ел қазынасынан 600 млн. тг.-ден астам қаржы жұмсалған. Мекемені жылыту үшін “Титан” компаниясының 3 жылу қазандығы сатып алынды. Білім ошағын тоқ көзімен қамтамассыз ететін трансформатор орнатылған. Жалпы бұл жұмыстардың бәрі “200 мектеп” жобасы аясында іске асып жатыр.

Мадина Алдамасова, Мамлютка қаласының тұрғыны.

-Балаларымызға су жаңа мектеп тұрғызылып жатқанына қуаныштымыз. Енді жақын маңда тұратын оқушылар осында келіп оқиды. Ғимараттың іші жылы әрі жарық болады деген ойдамыз. Және мектепке білімді ұстаздар келер деген үміттеміз.

“Құрылыс Сервис СК” серіктестігінің аталмыш салада жүргеніне 10 жыл. Осы уақыт аралығында олар Жамбыл ауданындағы Айтуар ауылында 80 орындық мектепті, Мамлют қаласында 18 және Петропавлдағы Береке ықшам ауданында 27 пәтерлік көпқабатты баспаналарды салған. Сондықтан Мамлют қалысының тұрғындары жұмыс сапалы орындалар деген үмітте.

 

Берик Касен.