Білім

Есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық мектеп-интернатында жаңа спорттық алаң пайда болды

Оларға қолайлы жағдай жасау үшін мектептің ғимараты жылдық жөндеуден өтіп тұрады. Бүгінде жоспарланған шаруа аяқталуға жақын. Тек бірінші қабатты жиынастыру ғана қалған.

Елена Беспятова, Есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының сылақшысы.

-Бұл жұмыстарды біз жаз мезгілінің ортасында бастадық. Шаруаға шамамен 10 адам жұмылдырылды. Әктеп, бояп, қоқыстарды жинадық. Бүгінгі күні білім мекемесі балаларды қабылдауға дайын.

Биыл мектеп-интернатын жаңа оқу жылына дайындау үшін 2 млн. 143 мың теңге бағытталыпты. Бұл қаражат облыстық қазынадан бөлінген. Ағымдық жөндеумен қатар, мұнда жылыту маусымына да дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Ержан Шахметов, Есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты директорының орынбасары.

-Жылу алмастырғыштың тозығы жетіп, құбырлар қоқысқа толып қалған еді. Балалар қыста тоңатын. Енді, облыс әкімінің қолдауымен қаржы бөлініп, жаңа жылу алмастырғыштар орнатылды.

Сонымен қатар жаңа оқу жылында интернат тәрбиеленушілері жаңа спорттық алаңда ойнайтын болады.

Ержан Шахметов, Есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты директорының орынбасары.

-Су-808 мекемесі тамыздың бірінде келіп, бұл жерді қиыршық тастармен тегістеді. Айналасы қоршалды. Тамыздың 25-іне дейін бұл жұмыстарды аяқтауды көздеп отырмыз. Бұл біз үшін таптырмас сыйлық. Өйткені, тәрбиеленушілеріміз футбол мен футзалдан екі мәрте жеңімпаз атанды.

 

Бұл спорттық алаңның құны 15 мың доллар. Жыл соңына дейін Петропавлда осындай тағы 14 нысан пайда болмақ.

Бану Ахметова.