Ауыл шаруашылығы

Ірі қара санын көбейту

Даладағы шөпті 3 МТЗ тракторы жығып жатса, құлатылған азықты 2 комбайн жинап жүр. Ауқымды жұмыс 5 күн бұрын басталса керек. Содан бері тиесілі алқаптың 500 гектары шабылған. Күніне шамамен қоймаға 4 мың тонна шөп жеткізіледі. Биыл агроқұрылым басшылығы пішендеме егуге мемлекеттен 24 млн теңге субсидия алған. Егіс алқабында зырылдап жүрген техникалардың барлығы отандық өнім. 20 комбайнның тең жартысы мен 10 трактор сужаңа. Оларды шаруашылық “Қазагрофинанс” арқылы лизингке алған.

Виктор Ковальский – “Петерфельд-Агро” ЖШС бас агрономы.

-Қазіргі уақытта біз ірі қараға пішендеме дайындап жатырмыз. Науқан соңына дейін 10 мың тоннасын әзірлеуді жоспарлаудамыз. Қара мал ферманың ішінде баптап-күтіледі. Сиырлар сонда ғана жылдың әр мезгілінде бірдей мөлшерде сүт береді. Сондықтан да жем-азықты молырақ даярлауға тура келеді. Биыл былтырғы мал азығын қолдандық. Ал, осы жолғы пішендемені келер жылғыға даярлап қоямыз.

Серіктестік ірі қараны өсіруді 4 жыл бұрын қолға алған. Бастамаға демеу берген – “Сыбаға” мемлекеттік бағдарламасы. Алғашында 237 миллион теңгеге Германиядан 482 бас “симментал” тұқымды ірі қара әкеліпті. Біреуінің құны – 620 мың теңге. Содан бері сиырлар 3 рет төлдеген.

Александр Фомичев – шаруашылық басқарушысы.

-Бүгінде шаруашылықта 2 мың 830 мүйізді ірі қара бар. Соның 610-ы – сүтті сиырлар. Сондай-ақ, асыл тұқымды бұқаларды мен төлдерді өсіруді де қолға алдық. “Симментал” тұқымды мүйізділер сүтінің майлылығы – 4,5 пайыз, ал қара-шұбар сиырлар сүтінің майлылығы 3 те 6 пайызды құрайды.

Мұндағы сауын сиырлардан күніне 10 тонна 800 литр сүт жиналады. Оның 10 тоннасын “Маслодел” және “Молпродукт” кәсіпорындарына жөнелтсе, қалған 800 литрін жаңа туған төлдерге береді. Әр литрін 100 теңгеден өткізетін шаруашылық күніне 1 миллион теңге таза пайда табады екен. Оған тағы сүттің әр литріне мемлекеттік субсидиядан берілетін 25 теңгені қосыңыз. Мәселен, мына сиырлар күніне 3 рет сауылады. Ферма толықтай автоматтандырылған. Жұмысты швейцарлық сапалы сауын аппараты атқарады. Істің барлығы компьюетр арқылы бақыланады.

Батырхан Серкебаев – “Петерфельд-Агро” ЖШС сүт фермасының меңгерушісі.

-Ақпарат компьютерға түседі. Ол бәрі сақталады. Әр сиырда чип орнатылған. Ол арқылы біз қай сиырдың қанша сүт бергеннін және қайсы аз бергенін байқап отырамыз. Күніне 600-дей сиыр сауылады. Сауын аппараты бір ретте 24 сиырды саууға қауқарлы.

Агроқұрылымда барлығы 58 адам жұмыс істейді. Олардың тең жартысы – жергілікті тұрғындар. Қолдарына алатын жалақылары 70-80 мың теңге маңайында.

 

 

Бакыт Садуакасов.