Спорт

Петропавлда көпкүндік республикалық веложарыс өтуде

Владимир Парахин – велосипед спорты бойынша БЖСМ директоры.

-Қатысушылардың саны – 55 адам. Барлығы 7 команда. Бүгінгі жарыс Соколов трассасында өтуде. Ертең әуежайға баратын жолда жарысады. Дода тамыздың 10-ы аяқталады.

Жарысқа қатысқан өрендердің жасы – 13 пен 14 жас аралығы. Дүбірлі додада 3 жерлесімізден құралған команда қарсыластарын шаң қаптырып кеткен. Солардың бірі – өткен екі кезеңнің жеңімпазы Сергей Мальцев.

Сергей Мальцев – велосипед спорты бойынша БЖСМ тәрбиеленушісі.

-Негізі, қашықтық тым ұзын емес. Бұдан да алысы болады. Өйткені, қатысушылардың қатары сирек. Өткен жылы 50, 60, 70 шақырым болса, биыл 40, 50-ге дейін қысқартты.

Бірінші болып мәре сызығына жеткен – Никита Кабачок. Бозбаланың бұл спорт түрімен айналысып жүргеніне 7 жылдай болыпты.

Никита Кабачек – велосипед спорты бойынша БЖСМ тәрбиеленушісі.

-Жарысты алдан соққан жел қиындатты. Астанада өткен сайыста екінші болып келдім. Қарағандыда озып шықтым. Енді, Талдықорған қаласында өтетін ел чемпионатына барамыз. Дүбірлі додада жеңуге барды салып тырысу қажет.

Көпкүндік веложарыстың жеңімпаздары тамыздың 10-ы күні марапатталатын болады.

Бақыт Сәдуақасов.