Спорт

Петропавлда 15 футбол алаңдарының 4-уі салынды

Марат Шәріпов – “Қарасай” жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің директоры

– Бүгінгі күнге дейін біз Абай, Жұмабаев, Жамбыл көшелері, Капай ауданы мен 31 мектепте жұмыстарды аяқтадық. Барлық алаңдарды біз спортшылар үшін салып жатырмыз. Үлкен футбол осындай алаңдардан басталады.

Облыс ортылығында жасыл алаңдардың көптеп пайда болуы өңірімізде футболдың қарқынды түрде дамуына септесетініне жергілікті бапкерлерде сенеді.

Рүстем Бейжанов – футболдан облыстық БЖСМ аға жаттықтырушысы

– Бұл алаңдар өте тиімді. Балалардың көбі футбол ойнайды. Осылайша бұқаралық спорттың дамуына серпін береміз. Алдағы уақытта тағыда осындай алаңдар ашылады. Бұл өте керемет.

Болашақта әлі 11 нысан салу жоспарланған. Ал қазір Абай 53 мекен жайындағы су жаңа жасыл алаңда балғындар доп қуып жүр.

–  мен футбол ойнағанды ұнатамын, ол үйде компьютердің алдында отырғаннан әлде қайда күштірек.

–  Достармен бірге жиі футбол ойнап, уақытымызды көңілді өткіземіз. Біздің аулада алаңның салынуы қуантады.

–  Мен Ресейден әжеме жазғы демалысқа келдім. 2 күннен кейін осынадай тамаша алаңды төседі. Біз оған ризамыз.

Жалпы барлық жасыл алаңдарды 18 тамыз дене шынықтыру мұғалімінің күнінде қолданысқа тапсыру жоспарланып отыр.

Риат Шони.