Қоғам

Ауылшаруашылық өнімдердің жәрмеңкесі өтеді

Алтынбек Абдоллаев, СҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары

– 8 ауданның қатысқаны облыс орталығы – Петропавл қаласындағы Конституция көшесі мен Брусиловский көшесінің арасында М.Жұмабаев көшесінде өткізілетін болады. Біз осы жолы құс фабрикаларын да шақырып отырмыз. Қала маңайындағы 4 құс фабрикасы бар. Олар жұмыртқа әкеледі. Сондай-ақ, омарташылар да шақырылды.

Мерекеге арналған тағы бір тарту барлық дәрежедегі ардагерлерге арналған. Алдыңғы толқын өкілдерін жәрмеңкеге арнайы бөлінген автобус тегін апарады.

Шыңғысбек Сұлтанбеков, Петропавл қаласы кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы

– Ардагерлерге Петропвал қаласының әкімдігі тарапынан көлік ұсынылады. Ол кісілерді 3 жерден алып кетеді. Бірінші жер – “Корона” сауда үйі, екінші жер – Теміржол вокзалының маңы. Сол оларды таңғы сағат 8.00. кезінде алып кетеміз. Үшіншісі – қазақ драма театры.

Сондай-ақ, жәрмеңкеге келгендер арнайы ұйымдастырылған концертті тамашалай алады.

 

Данаш Хамзина.