Спорт

Жергілікті “Қызыл-Жар СК” футбол командасының жетістіктері

Бұл туралы аталған футбол командасының бас жаттықтырушысымен өткен кездесуде белгілі болды. Айта кеткен жөн, осы күнге дейін солтүстікқазақстандық футбол командасы бірінші айналымда 15 кездесу өткізссе, соның жетеуінде жеңіске жетіп, сегізінде жеңіліс тапқан. Сөйтіп бірінші айналымның нәтижесіне сәйкес теріскейлік команда турнирлік кесте бойынша тоғызыншы орынға тұрақтаған екен.

Владимир Линчевский – “Қызыл-Жар СК” ФК бас бапкері

– Осы жылы футбол командаларының біразымен кездесу өткіздік. Нашар ойын өрнегін көрсеттік деп айта алмаймын. Футболшылар бірінші айналымда мүмкіндігінше алдыңғы орындардан көріну үшін барын салып бақты. Енді екінші айналымда өнер көрсететін боламыз. Алда әлі 14 кездесу бар. Біздің алға қойған мақсатымыз екінші айналымдағы кездесулерде қарсылас командаларды ұтып, барынша көп ұпай жинау.