Қоғам

Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясынан түскен ақпарат.

Перепечина Ольга Валентиновна, 1967 жылы туылған, СҚО статистика департаментінің жетекшісі, “Нұр Отан” партиясының мүшесі, Петропавл қаласында тұрады, Перепечинаны Айыртау және Қызылжар аудандық мәслихаты ұсынған; Трифонов Николай Николаевич,1963 жылы туылған, Тайынша аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары бөлімінің жетекшісі, “Нұр Отан” партиясының мүшесі, Тайынша ауданында тұрады, азамат депутаттыққа өзін-өзі ұсынған.

Отрадных Владимир Васильевич, 1956 жылы туылған, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің СҚО аумақтық инспекциясы жетекшісінің орынбасары. Жерлесіміз “Нұр Отан” партиясының қатарында, Петропавл қаласында тұрады, депутаттыққа өзін-өзі ұсынған.

 

Риат Шони.