Спорт

“Өрлеу” біліктілікті арттыру институтының тыңдаушылары арасында көңілді мәре сайысы өтті

Лейла Әлмағамбетова – Солтүстік Қазақстан бойынша “Өрлеу” біліктілікті арттыру орталығы филиалының бастауыш білім беру және мектеп алды тәрбие кафедрасының меңгеушісі

– Президент жыл сайынғы жолдауында спортпен шұғылданатын қазақстандықтардың санын арттыруға аса мән береді. Біз курс тыңдаушылары арасында көңілді мәре бойынша ойындар өткізіп жатырмыз. Шараға мұғалімдер мен тәрбиешілерден 50-ге тарта ойыншы қатысуда.

Кейін жарысқа қатысушылар екі командаға бөлініп, өзара сынға түсті. Секіру, қаппен жүгіру, пойыз әлеміне саяхат жасау бойынша өткізілген сайыста екі топтың ойыншылары өздерінің алғырлықтарын байқата білді. Осылайша ұстаздар қауымы білім беруде ғана емес, спортқа да жақын екендіктерін көрсетті.

Татьяна Глухова – “Добрая сказка” балабақшасының тәрбиешісі

– Сайыс өте қызықты өтіп жатыр. Біздің командамыз жеңіке жетеді деп ойлаймын.

Жарыста топ жарғандар мақтау қағазы мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

 

Бакыт Садуакасов.