Құқық қорғау органдары

Полицейлер аса ірі көлемдегі героин есірткісін тәркіледі

Қолға түскен 22 жасар бұрымды есірткіні өзі қолданумен шектелмей, сатып жүрген. Салмағы 4 келі болатын ақ ұнтақты шүберекке түйіп, үйінде сақтаған. Қылмысы ашылған күні күдікті есірткіні шашып, айғақ затты жоқ қылмаққа әрекет еткен. Қазіргі таңда бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, айыпты уақытша ұстау абақтысына жабылды.

Жыл басынан өңірде есірткі қылмысымен айналысқан 43 адамның ісі әшкереленген, оның алтауы әйел адам. Барлығы соттың шешімімен бас бостандықтарынан айырылды. Заңсыз айналымнан полицейлер 149 келі 234 грамм есірткі затын тәркіледі, оның 2 келі 706 граммы героин.

Гизатова Дана.