Құқық қорғау органдары

Соғыс қаруларын үйінде құрастырып- сатуды кәсіп еткен Петропавл тұрғынының ісі әшкереленді

Жамбыл Асылбек – СҚО ІІД экстремизммен күрес бөлімінің жедел уәкілі

– 1 автомат, 5 атылатын қару, 4 газ тапаншасы, онымен қоса автоматқа қажетті 108 оқ дәрі тәркіленді. Баллистикалық сараптама бұлар қолдан жасалғанымен соғыс қаруы деп танып отыр.

Пысқай үйін қару-жарақ жасауға қажетті құрал-сайманға толтырыпты. Соғыс қаруын құрастыруға керекті түрлі сызбалар мен қосалқы бөлшектер де жетерлік екен. Қолөнерші ертеде темір ұстасы болып еңбек еткен. Ол бірнеше ай бұрын қару жасап көрмекші болыпты-мыс. Кәсібіне қажетті сайман мен оқ дәріні бұрынғы әріптесім берді дейді. Әрекеті қысыр болмапты. Қолы жүрген шебер, туындыларын сатуды жоспарлаған. Бұл ойы да жүзеге асыпты.

-Подозреваемый, кому принадлежит данный автомат?

– Мне

Ерекше факті бойынша ІІД тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қару құрастырушы шебер абақтыға жабылды. Қолөнершінің бұл суық қаруларды не себепті жасағанын, олардың қандай бағытта жұмсалатыны, нақты кімнің тапсырыс бергенін тергеу амалдары анықтамақ.

Гизатова Дана.